iii) Аталған өтінім қолданыстағы заңдардың барлық талаптарына, сонымен бірге алымдарға қатысты талаптарға сай болса.
Мадрид (Стокгольм) Келісімін сақтау
1) Егер нақты халықаралық өтінім немесе нақты халықаралық тіркеуге қатысты оның шығу ведомствосы, сонымен қатар белгілі Хаттама және Мадрид (Стокгольм) Келісіміне қатысушы мемлекет ведомствосы болып табылатын болса, осы Хаттаманың ережелері бұдан басқа осы Хаттама және Мадрид (Стокгольм) Келісіміне қатысушы мемлекеттер аймағында күшін сақтамайды.
2) Ассамблея 3/4 бөлігі көпшілігімен Хаттаманың күшіне енген күннен бастап, он жыл өткеннен кейін, бірақ, Мадрид (Стокгольм) Келісіміне қатысушы мемлекеттер, осы Хаттаманың Тараптары болған күнінен санағанда бес жылдан асырмай 1-тармақты алып тастай алады, немесе оның күші әсер ететін саланы шектей алады. Тек қана бір мезгілде берілген Келісім және осы Хаттама Тараптары болып келетін мемлекеттер Ассамблея сайлауына қатыса алады.
Ассамблея
1) a) Уағдаласушы Мадрид (Стокгольм) келісіміне қатысушы елдер сияқты сол Ассамблеяның мүшелері болып табылады.
b) Бұл Ассамблеяның келісімдегі әр жақты орынбасары, кеңесші және сарапшысы бар бір өкілден тұрады.
c) Тек Одаққа артылған әр Уағдаласушы Тараптың бір өкілінің жолы мен тұруы төлем шығындарынан басқа әр делегация шығындарын тағайындаған Уағдаласушы Тарап өзіне алады.
2) Ассамблея Мадрид (Стокгольм) Келісіміне сәйкес артылған тапсырмалардан басқа:
i) нақты Хаттаманың қолданылуына қатысты барлық мәселелерді қарастырады;
ii) Халықаралық бюроға осы Хаттаманың Тараптары болып табылмайтын Одақ мемлекеттерінің ескертулерін тиісті түрде ескере отырып, бұл Хаттаманы қайта қарастыру бойынша конференция дайындығына қатысты нұсқауларды береді;
iii) осы Хаттама қолданысына қатысты Нұсқаулық ережелеріне өзгерістерді қабылдайды және енгізеді;
iv) осы Хаттамаға сәйкес өзіне артылған қызметтерді атқарады.
3) a) Әр Уағдаласушы Тарап Ассамблеяда бір дауысқа ие болады. Тек Мадрид (Стокгольм) Келісіміне қатысушы елдерге қатысты мәселелер бойынша бұл Келісімге қатыспайтын Уағдаласушы Тараптардың дауыс беру құқығы болмайды және Уағдалсушы Тараптарға қатысты мәселелер бойынша тек олар дауыс беру құқығына ие болады.
b) Нақты мәселе бойынша дауыс беру құқығы бар Ассамблея мүшелерінің жартысы бұл мәселе бойынша сайлау өткізу үшін кворум құрады.
с) «b»-тармақшасының ережелеріне қарамастан, егер нақты мәселе бойынша дауыс беру құқығы бар Ассамблея мүшелерінің саны жартыдан аз болса, бірақ бұл мәселе бойынша дауыс беру құқығы бар Ассамблея мүшелерінің 1/3 бөлігінен асатын немесе тең болса, Ассамблея шешім қабылдай алады; бірақ Ассамблея өзінің процедурасына қатысты шешімдерінен басқа Ассамблея шешімдері келесі шарттарды сақтау жағдайында ғана міндетті болады. Халықаралық бюро мұндай шешімдерді тек белгілі мәселе бойынша дауыс беру құқығы бар және онда ұсынылмаған Ассамблея мүшелеріне жолдайды, оларға шешім жолданған күннен бастап, үш айлық мерзімде, олардың бұл шешімдерге дауыс берулерін немесе дауыс бермеулерін, не болмаса сайлаудан қалыс қалғанын жазбаша түрде хабарлауды ұсынады. Егер бұл мерзімнің өтіп кетуінен кейін дауыс берген немесе сайлаудан қалыс қалған мүшелер саны сессияда кворум құруға жетіспеген мүшелер санына тең болса, мұндай шешімдер қажетті көпшіліктің бар болуы шартымен күшін алады.
d) 5(2) «е», 9 sexies (2), 12 и 13 (2) баптары ережелерін ескере отырып, Ассамблея шешімдері берілген дауыстардың 3/2 бөлігі көпшілігімен қабылданады.
e) Қалыс қалғандардың дауысы есепке алынбайды.
f) Өкіл Ассамблеяның тек бір мүшесін ғана ұсына алады және оның атынан дауыс береді.
4) Мадрид (Стокгольм) Келісіміне сәйкес Ассамблея кезекті және кезектен тыс сессиялардан басқа бұл сессияның күн тізбесіне енгізуге ұсынылған мәселелері бойынша дауыс беру құқығы бар Ассамблея мүшелерінің 1/4 бөлігінің шарттары бойынша Бас директор жинайтын кезектен тыс сессияға жиналыс үстінде. Мұндай кезектен тыс сессияның күнтізбесін Бас директор даярлайды.
Халықаралық бюро
1) осы Хаттамаға сәйкес халықаралық тіркеуге байланысты қызметтерді, сонымен бірге осы Хаттамаға қатысты басқа да әкімшілік қызметтерді Халықаралық бюро атқарады.
2) а) Ассамблея нұсқауларына сәйкес Халықаралық бюро осы Хаттаманы қайта қарастыру бойынша конференция дайындайды.
b) Халықаралық бюро осы Хаттаманы қайта қарастыру бойынша белгілі конференцияларға дайындық бойынша үкіметаралық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардан кеңес ала алады.
c) Бас директор және ол тағайындаған тұлғалар бұл конференцияларда дауыс беру құқығынсыз қайта қарастыру мәселелерін талқылауға қатысады.
3) Халықаралық бюро осы Хаттамаға қатысты өзіне артылған қызметтердің барлығын атқарады.
Қаржы
Уағдаласушы Тараптарға қатысты Одақ қаржысы Мадрид (Стокгольм) Келісімінің 12-бабындағы ережелермен реттеледі, аталған Келісімнің 8-бабына нұсқау ретінде қарастырылады. Бұдан басқа аталған Келісімнің 12(6) «b» - бабының мақсаттары үшін, егер Ассамблея бірыңғай басқа шешім қабылдамаса, Уағдаласушы ұйымдар Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясына сәйкес жарналардың 1 сыныбына жататын ұйымдар ретінде қарастырылады.
Хаттаманың кейбір баптарына түзетулер
1) 10, 11, 12-баптарға және осы бапқа түзетулер енгізу жөніндегі ұсыныстар Уағдаласушы Тараптардың әрқайсымен немесе Бас директормен жасала алады. Бас директор мұндай ұсыныстарды Уағдаласушы Тараптарға Ассамблея қарастыруына алты ай қалғанда жолдайды.
2) 1 - тармақта белгіленген баптарға әр түзету Ассамблеямен қабылданады, ол үшін берілген дауыстардың көпшілігі 3/4 бөлігі қажет, бірақ 10-бапқа және осы тармаққа енгізетін әр түзету берілген дауыстардың көпшілігі 4/5 бөлігімен қабылданады.
3) 1-тармақта белгіленген баптарға әр түзету Бас директорға түзетуді қабылдау кезінде Ассамблея мүшелері болып келген және бұл түзету бойынша дауыс беру құқығына ие болған мемлекеттер мен үкіметаралық ұйымдардың 3/4 бөлігінен, олардың конституциялық процедурасына сәйкес жүзеге асырылған, оны қабылдау туралы жазбаша хабарлау жасалғаннан кейін, бір ай өткен соң күшіне енеді. Мұндай жолмен қабылданған, көрсетілген баптарға арналған әр түзетудің күшіне ену күнінде немесе сол күннен кейін Уағдаласушы Тараптар болып табылатын барлық мемлекеттер мен үкіметаралық ұйымдар үшін міндетті болып келеді.
Хаттамаға қатысу шарттары. Күшін алу
1) а) Өнеркәсіптік меншік қорғау бойынша Париж конвенциясына қатысушы мемлекет осы Хаттамаға қатысушы бола алады.
b) бұдан басқа, әр үкіметаралық ұйым келесі шарттарды ұстанған жағдайда осы Хаттамаға қатысушы бола алады:
i) Бұл ұйым мүше-мемлекеттердің біреуі Өнеркәсіптік меншік қорғау бойынша Париж конвенциясының қатысушы болып келеді;
ii) аталған ұйымның өзінің аумағында күші бар таңбалары тіркеу мақсаты үшін аумақтық ведомствосы бар, егер мұндай ведомство 9 quarter-бабы бойынша хабарлау объектісі болмаса.
2) 1-тармақта көрсетілген мемлекет немесе мекеме осы Хаттамаға қол қоя алады. 1-тармақта көрсетілген әрбір мемлекет немесе ұйым, егер олар осы Хаттамаға қол қойған жағдайда, ратификациялық грамоталарды, осы Хаттаманы қабылдау және мақұлдау жөніндегі құжаттарды немесе осы Хаттамаға қол қоймаған жағдайда Хаттамаға қосылу туралы актісін сақтауға тапсыра алады.
3) 2-тармақта белгіленген актілер Бас директорға сақтауға беріледі.
4) а) Төрт ратификациялық грамоталарды қабылдау және мақұлдау жөніндегі құжаттарды немесе бұл құжаттардың біреуі Мадрид(Стокгольм) Келісіміне қатысушы мемлекетпен тапсырылған болса, бұл құжаттардың біреуі Мадрид (Стокгольм) Келісіміне қатыспайтын мемлекетпен тапсырылған болса, немесе 1 «b» тармағында белгіленген ұйымдардың біреуінен тапсырылуы шарты бойынша қосылу туралы актісін тапсырған күнінен үш ай өткеннен кейін осы Хаттама күшіне енеді.
b) 1-тармақта көрсетілген басқа мемлекетке немесе ұйымға қатысты осы Хаттаманы Бас директор оның ратификациялануы, қабылдануы, мақұлдануы және оған қосылуы жөніндегі хабарлама жасаған күнінен кейін үш айдан соң күшіне енеді.
5) 1-тармақта көрсетліген әр мемлекет немесе ұйым өздерінің ратификациялық грамоталарында, оны қабылдау, мақұлдау жөніндегі құжаттарында және осы Хаттамаға қосылу жөніндегі актісінде бұл мемлекетке немесе ұйымға қатысты Хаттаманың күшіне енуіне дейін осы Хаттама бойынша жүзеге асырылған халықаралық тіркеу нәтижесінде пайда болған қорғау оларға таралмайтынын хабарлай алады.
Денонсация
1) Осы Хаттама мерзімді шектеусіз күшін сақтайды.
2) Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы Бас директорға жолданған хабарлама арқылы осы Хаттаманы денонсациялай алады.
3) Денонсация Бас директор хабарлама алған күннен кейін бір жылдан соң күшін алады.
4) Уағдаласушы Тарап осы баппен қарастырылған денонсация құқығын өзіне қатысты Хаттама күшіне енген күннен бес жыл өткенге дейін қолдана алмайды.
5) егер таңба денонсация күшіне енген күні осы Хаттаманы денонсациялайтын мемлекет немесе үкіметаралық ұйымда күшін сақтайтын халықаралық тіркеу заты болып табылса, осы тіркеу иесі мұндай мемлекет немесе халықаралық ұйымның ведомствосына сол таңбаны тіркеу өтінімін береді, ол өтінім 3(4)-бабына сәйкес халықаралық тіркеу күніне берілгендей қарастырылады және егер тіркеу артықшылығы болса, қолданушы сол артықшылықты мынадай шарттармен пайдаланады:
i) мұндай өтінім денонсация күшіне енген күннен бастап екі жыл аралығында берілсе;
ii) бұл өтінімде берілген тауарлар мен қызмет көрсетулер шынында осы Хаттаманы денонсацияланған мемлекеттер мен мекемелерге қатысты халықаралық тіркеуге енгізілген тауарлар мен қызмет көрсетулер тізімімен жабылады;
iii) мұндай өтінім қолданыстағы заңдардың барлық талаптарына, соның ішінде алымдарға қатысты талаптарға сәйкес болса.
b) Сонымен бірге «а»-тармақшасындағы ереже 2 (1)-бабына сәйкес денонсация салдарынан халықаралық өтінім беру құқығынан айырылған иелер, денонсациясының күшіне енген күніне осы Хаттаманы денонсациялаған мемлекет пен үкіметаралық ұйымнан басқа Уағдаласушы Тараптардың күші халықаралық тіркеу заты болып табылатын әрбір таңбаға қатысты қолданылады.
Қол қою. Тілдер. Қызмет депозитарийлері
1) а) Осы Хаттамаға ағылшын, испан, француз тілдерінде бір данадан қол қойылады және Мадридте қол қоюға жабылғаннан кейін Бас директорға сақтауға беріледі. Үш тілдегі мәтіндер тең.
b) Осы Хаттаманың ресми мәтіні Бас директор араб, италия, қытай, неміс, португал, орыс және жапон тілдерінде, сонымен бірге Ассамблея анықтаған басқа да тілдерде мүдделі мемлекеттер мен ұйымдардан кеңес алғаннан кейін жасалады.
2) Осы Хаттама Мадридте қол қоюға 1989-жылдың 31-желтоқсанына дейін ашық.
3) Бас директор Испания Үкіметімен тиісті түрде бекітілген осы Хаттаманың қол қойылған мәтінінің екі көшірмесін, осы Хаттаманың қатысушылары бола алатын мемлекеттер мен үкіметаралық ұйымдарға жолдайды.
4) Бас директор осы Хаттаманы Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығында тіркейді
5) Бас директор осы Хаттаманың Тараптары болып табылатын немесе бола алатын мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға ратификациялық грамоталар, қабылдау, мақұлдау жөніндегі құжаттар немесе қосылу жөніндегі актілерге қол қою, сақтауға беру туралы, сонымен бірге осы Хаттаманың күшіне енуі, өзгеруі жөнінде, денонсация туралы әр хабарлама мен осы Хаттамада қарастырылған әр өтініш жөнінде хабарлайды.